Безеуді қалай тез кетіруге болады

Безеу адам денесінің кез-келген бөлігінде күтпеген жерден пайда болуы мүмкін. Мысалы: акне деп аталатын қалыптасу,кеудеде,мойында,арқада жəне де басқа да киіммен жабық тұратын дене бөліктерінде пайда болады. Көп жағдайда бұл күнделікті өмірде де ыңғайссыздықтар келтіруі мүмкін.

Безеуден үй жағдайларында құтылу тәсілдері

Сұлулық салондарында бетті тазалау процедураларын жасайды, бірақ та бұл қымбат болуы мүмкін болғандықтан, оңайырақ тəсілдерін қараймыз.

Есте сақтаңыз, безеуді сығуға(үстінен басуға) еш уақытта болмайды! Пайда болған жараның аузына инфекция түсіру оңай.

Ал егерде инфекция түскен жағдайда:

  • безеудің орныңда тыртық(шрам) қалуы мүмкін;
  • көптеген секпілдер жəне одан да кіші көлемдегі безеулер пайда болуы мүмкін;
  • қанға инфекция түсу қауіптілігі болады.

 

Дəрілік препараттар

Дәріханадағы арзан дəрілер арқылы емдеуге болады. Жаралармен күресу үшін,келесідей заттардың болғаны жөн:

Йод. Пайда болған безеудің үстінен жақпа ретінде пайдаланады. Йод безеуді кептіріп,оның орнында қабыршақ пайда болады. Бұл тəсіл беттегі безеулерді кетіруге оңша келмейді,себебі ол орныңда із қалдырады. Бірақ,киім астындағы безеулерді кетіруге тартырмас амал.

Ихтиол,Вишневский — емдік жақпалары. Дененің кез-келген жеріндегі безеулерден құтылу мақсатында пайдаланады,тіпті беттегіңі де. Бұл жақпаларды ұйықтар алдында жаққан жөн, сол арқылы олар түні бойы əсер етеді. Жақпалар безеудің ішіндегі іріңді сорып алады.

Цинк мазі. Бұл үй жағдайында дəрігердің нұсқауынсыз пайдалануға болатын дəрілік препарат. Құрамында вазелинмен қоса цинк окиді болғандықтан, безеуді құрғатады, инфекцияны жояды, терінің қызарғаның жойып, орның қалпына келтіреді.

Қолдан жасауға болатын, безеулерге қарсы бет маскілері 

Бұндай маскілерді артасына 2-3,безеулерден құтылғанша қайталай береді.

Кір сабын маскасы. Осы сабынның бір бөлігі қажет жəне ұсақ тұз (шай қасығы). Сабында турап,аздап су қосып,көбік шыққанша шайқау керек. Көбікті алып бетке жағып, 30 минуттай ұстап,шайып жіберу керек.

Айран маскасы. Ушығып кеткен безеулерден таптырмас амал: айранды сұлы үлпектерімен(овсяная хлопья) араластыру керек. Лимон шырынының 1 тамшысын қосып, бетке жағып 20 минут ұстау керек.

Безеуге қарсы саз маскасы. Бір ас  қасық ұнтақ түріндегі жасыл сазды алып, бір шай қасық зəйтүн майымен, жұмыртқаның ақуызымен, қабыршағынан тазартылып, піскен кивидің жұмсағымен (мякоть) араластыру керек. Осының бəрін бетке жағып, 10 минут ұстау керек.

Осы қарайпайым да, оңай кеңестерге сүйене  отырып безеуден тез,əрі оңай құтылуға болады. Бастысы уақытылы жақпаларды жағып, тек таза орамалмен ғана бетті сүрту керек.

Оставить комментарий

Войти с помощью: 
Яндекс.Метрика